Баялдыдан дайындалған лазанья
Лазанья — алғашқы қасығынан-ақ жер жүзіндегі кез келген адамның талғамынан шығатын итальян ас мәзірінің танымал тағамдарының бірі.
Грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда лазанья «қамыр жапырақтары» деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктер бұл сөзді өздері қатты ұнататын қатпарлы тағамды атау үшін қолданған екен. Бір қабат рагумен, келесі қабат ірімшікпен кезектесетін қамырдың ыстық жапырақтары – әлемдегі ең танымал тағам. Ал эксперимент жасап, өз нұсқамызды жасап көрсек қайтеді? Баялдыдан дайындалған лазанья – лазаньяның диеталық түрі, бірақ дәмі жағынан кем емес. Ыстық тағамдар дайындауға арналған «Pizzacheese» ірімшігінің кілегейлі дәмімен үйлескен баялдының тіл үйіретін дәмі көңіліңізден шығатынына сенімдіміз.
6 Үлесім
Дайындау
1 сағат 10 минут
  • Пиццаға арналған Pizza сheese Galbani ірімшігі — 400 г
  • Ірі баялды — 8 дана
  • Дайын, қою қызанақ тұздығы — 800 г
  • Сарымсақ — 5-6 бөлік
  • Ақжелкен — 5-6 бұтақ
  • Розмарин — 1 бұтақ
  • «Extra virgin» зәйтүн майы
  • Тұз, жаңа ұнтақталған қара бұрыш
  1. Духовканы 200 °C-қа дейін қыздырыңыз (қақтаманы қосып қойған жөн). Баялдыны қалыңдығы 1 см болатындай қабаттап тураңыз. Қылқаламның көмегімен әр қабатқа зәйтүн майын жағып, екі жағына да тұз бен бұрыш қосыңыз. Пергамент төселген противеньге баялдыны бір қабаттап салып, духовканың ортасына қойыңыз. 10 мин. пісіріңіз.
  2. Розмариннің бұтақтарын алып, жапырақтарын сарымсақпен және ақжелкенмен бірге ұсақтап тураңыз. Алынған массаны қызанақ тұздығымен араластырыңыз.
  3. Пиццаға арналған ірімшікті ірі үккішпен үгіңіз. Орташа, төртбұрыш немесе шаршы пішінді қалыпқа пісірмеге арналған пергамент төсеп, түбіне зәйтүн майын себіңіз.
  4. Қалыпқа бір қабаттап баялды салып, қызанақ тұздығын жағыңыз, ірімшіктің бір бөлігін себіңіз. Баялды, қызанақ тұздығы және ірімшіктің қалғанымен бетін жабыңыз. Қызанақ тұздығының қабаты соңғы жағылуы керек.
  5. «Лазаньяға» қалған үгітілген ірімшікті сеуіп,
  6. 180 °C-қа дейін қыздырылған духовкаға шамамен 25 минутқа қойыңыз. Лазаньяның қабығы қызаруы тиіс. Дастарқанға қояр алдында лазаньяны суытыңыз, кесуге оңай болады.