Galbani СМ ұсынған «Италия тағамдарының дәмін тат» жарнама науқанының ережесі

1. Жалпы ережелер
1.1 Науқанның атауы — «Италия тағамдарының дәмін тат» (мәтін бойынша әрі қарай — Науқан).
1.2 Galbani сауда маркасы Науқанының Ұйымдастырушысы «ФудМастер-Трэйд Компаниясы» ЖШС болып табылады (мәтін бойынша әрі қарай — Ұйымдастырушы).
1.3 Ұйымдастырушының мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050019, Алматы қ., Қайрат ш/а, 282-үй.
1.4 Науқан Қазақстан Республикасы аумағында 2018 жылдың 15 тамызы мен 2018 жылдың 10 қазаны аралығында өткізіледі және лотерея емес.
1.5 Осы Ережеде Науқанды өткізу тәртібі, Науқанға қатысу және оның жеңімпаздарын анықтау тәртібі, сондай-ақ жүлде табыстау тәртібі берілген. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшы емес.
1.6 Galbani сауда маркасының тұтынушысы (мәтін бойынша әрі қарай — Қатысушы) Науқанға қатыса отырып, атап айтқанда, www.galbani-promo.kz сайтындағы жеке кабинетке тіркеліп және Науқанға қатысуға арналған чектерді тіркеп, www.galbani-promo.kz сайтына (әрі қарай – Сайт) жарияланған осы Науқанға Қатысу ережесімен, оның ішінде осы Ережеде белгіленген шектеулермен келісетінін автоматты түрде растап, Науқанға Қатысушы атанады. Сондай-ақ Ұйымдастырушыдан SMS, Whatsapp және электронды пошта арқылы ақпараттық хабарламалар алуға, өзінің жеке мәліметтерін Ұйымдастырушының және/немесе оның уәкілетті тұлғасының мәліметтер базасына ұсынуға, өңдеуіне, сақтауына және пайдалануына, оларды Ұйымдастырушы және/немесе оның уәкілетті тұлғасы өткізген барлық науқан аясында әрі қарай пайдалануға келісімін береді.

2. Қатысу шарттары
2.1 Науқанға қатысу үшін:
• Galbani Моцарелла СМ өнімін сатып алу керек.
• Чектің нөмірін (міндетті емес), күні мен сомасын тіркеп, чектің фотосуретін www.galbani-promo.kz сайтына тіркеу керек.
• Чек фотосуретінің сапасы жоғары болуы тиіс, ондағы бүкіл ақпарат оқылуы тиіс. Фотосуреттің салмағы ХХХХ кб аспауы керек.
2.2 Қатысушыларды сәйкестендіру www.galbani-promo.kz сайтындағы қатысушылардың жеке кабинеттерінде тіркелген мәліметтер бойынша жүзеге асырылады.

3. Өнім туралы ақпарат
3.1 Науқанға Galbani сауда маркасының өнімдері ғана қатысады, атап айтқанда:
Пиццаға арналған Гальбани Моцарелла ірімшігі, 0,125 кг, 45%
Гальбани Моцарелла ірімшігі, 0,125кг, 48%
Гальбани Моцарелла Мини ірімшігі 0,15кг, 45%
Гальбани Моцарелла Боккончини ірімшігі, 0,2кг, 44%
Гальбани Моцарелла Макси ірімшігі, 0,25кг, 45%
Гальбани Моцарелла трио ірімшігі, 0,375кг, 45%

4. Жүлде қоры туралы ақпарат
4.1 Жүлде қоры Philips асүй техникасының 6 түрінен тұрады:
• Блендер HR1625/00 – 8 дана
• Миксер HR1552/12 – 8 дана
• Ет тартқыш HR2709/20 – 8 дана
• Тостер HD2581/00 – 8 дана
• Шәугім HD4646 – 8 дана
• Пастамашина HR2332/12 – 6 дана
4.2 Промо кезеңі ішінде 46 бірлік техника ойнатылады.
4.3 Чекті тіркеу аяқталғаннан кейін әр қатысушының email-іне www.evrika.com/galbani интернет-дүкенінен Philips асүй техникасын сатып алуға 20% Жеңілдік алады.

5. Науқан жеңімпаздарын және жүлделер алу шарттарын анықтау тәртібі
5.1 Жеңімпаздар тәуелсіз нотариустың қатысуымен қатысушылар тіркеген чектердің мәліметтер базасынан кездейсоқ таңдау арқылы арнайы компьютер бағдарламасы пайдаланылатын жабық ұтыс ойынды өткізу кезінде анықталады.
5.2 Ұтыс ойын промоның барлық кезеңінде 8 рет өткізіледі: 23.08.18, 30.08.18, 06.09.18, 13.09.18, 20.09.18, 27.09.18, 04.10.18, 11.10.18.
5.3 Әр ұтыс ойында 5 бірлік техника ойнатылады: 1 блендер, 1 миксер, 1 ет тартқыш, 1 тостер, 1 шәугім.
5.4 Пастамашиналар промоның барлық кезеңінде 2 рет ойнатылады: 13.09.18 және 11.10.18, әр ұтыс ойында 3 бірлік ойнатылады.
5.5 Барлық жеңімпаздардың тізімі жабық ұтыс ойын өткізілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде сайтқа жарияланады.
5.6 Ұйымдастырушы әр жеңімпазға ұтқаны туралы ұялы телефон арқылы хабарлайды немесе жеңімпаздың жеке электронды поштасына хабарлама жазады. Жеңімпаз 24 сағат ішінде байланыс аясынан тыс жерде болса, ұйымдастырушы басымдылық тәртібімен бас жеңімпазға хабарламай-ақ, оны қордағы жеңімпазға ауыстыруға құқылы. Жеңімпазды анықтау процесі қатысушыға хабарласқан сәтте немесе қатысушыдан электронды пошта арқылы жауап алған және қатысушы жүлде алу үшін қажетті ақпараттар тізімін беруге келісім берген сәтте аяқталады.
5.7 Жүлдені алу үшін қатысушы:
5.7.1 жеңімпаздың жеке тұлғасын растайтын кез келген құжатты;
5.7.2 мәліметтері ұтыс ойынға қатысу үшін енгізілген және ұтыс ойын кезінде компьютерлік бағдарламаның көмегімен жеңімпаз ретінде таңдалған чектің түпнұсқасын беруге міндетті.
5.8. Жеке басын куәландыратын құжатты және/немесе чектің түпнұсқасын көрсету мүмкін болмаған жағдайда жеңімпаз жүлдені алу құқығынан айырылады да, жүлде қордағы жеңімпазға беріледі.
5.9 Жүлдені алу орны, күні мен уақыты жеңімпазға ұялы телефон арқылы қосымша хабарланады.
5.10 Қатысушы науқан өткізілетін барлық мерзімде бірден артық жүлде ала алмайды.
5.11 Жеңімпаздар жүлдені алу құқығын басқа тұлғаға бере алмайды.

6. Чектерді тіркеу туралы толық ақпарат
6.1 Промо-кодтарды тіркеу мүмкіндігі 2018 жылдың 15 тамызында Астана уақыты бойынша сағат 09:00:00-де басталады, промо-кодтарды тіркеу мүмкіндігі 2018 жылдың 15 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 23:59:59-да аяқталады. Науқан басталмай тұрып немесе Науқанды өткізу мерзімі аяқталғаннан кейін тіркелген чектер Науқанға қатыстырылмайды.
6.2 Ұйымдастырушы Науқанға Қатысушылар тіркеген чектердің түпнұсқалығын тексереді. Чектің түпнұсқалығы мен оның науқан ережелеріне сәйкестігі расталмаған жағдайда қатысушы ұтыс ойынға қатысу құқығынан айырылады.
6.3 Науқанға қайта тіркелген, қате ақпараты бар чектер, сондай-ақ сапасы төмен, ондағы мәліметтер сәйкестендірілмейтін фотосуреттер жүктелген чектер қатыстырылмайды.
6.4 Әр чек ұтысты емес. Егер қатысушы бір немесе бірнеше чек тіркеп, олардың ешқайсысы ұтпаса, талап-тілектер қабылданбайды.
6.5 Сайттың жеке кабинетіне тіркелу және чекті сайтқа тіркеу қатысушының осы Науқан ережелерімен келісетінін, сондай-ақ ақпараттық хабарлама алуға келісетіндігін білдіреді.

7. Науқанды Ұйымдастырушы және оның құқықтары
7.1 Ұйымдастырушы өз ұйғарымы бойынша Науқанға Қатысу ережелеріне өзгерістер енгізуге құқылы. Бұл ретте көрсетілген өзгерістер сайтқа бұл өзгерістер күшіне енуден 5 күн бұрын жарияланады.
7.2 Науқанды Ұйымдастырушы жеңімпаздардың есімдері мен фотосуреттерін жарнамалық мақсатта пайдалануға, жүлделерді беру рәсімін өзгертуге және науқан және оны өткізу тәртібі туралы қосымша ақпаратты жариялауға құқылы.
7.3. Ұйымдастырушы чекті осы ережеде көзделген тәртіппен анықтаған және (немесе) тіркеген адамға қатысты қатысушылардың арасындағы дау-дамайға араласпайды. Чекті осы ереже шарттарына сәйкес алғаш болып тіркеген тұлға қатысушы болып саналады.
7.4. Науқанды Ұйымдастырушы осы ережені бұзған, науқан қорытындысын қолдан жасауға ұмтылған іс-әрекеттер жасаған тұлғаларға алдын ала хабарламай және себебін түсіндірмей, науқанға қатыстырудан шеттетуге құқылы.
7.5 Ұйымдастырушы чектерді тіркеуге байланысты техникалық ақаулықтар және басқа да кейбір мәселелер үшін жауап бермейді, оның ішінде:
7.5.1 Қатысушы мен оның интернет-провайдері арасындағы шарттық қатынастардың бұзылуы, соның салдарынан чектерді интернет арқылы сайтқа тіркеудің мүмкін болмауы;
7.5.2 Қатысушы интернет-провайдерінің кез келген техникалық ақаулықтары;
7.5.3 Сайтқа тіркелген кезде және/немесе чектерді сайтқа тіркеген кезде қате мәліметтердің көрсетілуі, соның салдарынан, ұтқан жағдайда жүлде алмау.

8. Науқанға қатысуға қойылатын шектеулер
8.1 Науқанға 18 жасқа толған, Galbani сауда маркасы өнімдерін коммерциялық мақсатта емес, өздері тұтыну үшін сатып алатын, осы өнімдердің түпкілікті тұтынушылары болып табылатын, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын тұлғалардың бәрі қатыстырылады.
8.2 Науқанға Ұйымдастырушының өкілдері, олардың отбасы мүшелері, олармен үлестес компаниялар, сондай-ақ науқанды өткізуге тартылған үшінші тұлғалар қатыстырылмайды.